Астана қаласында есту қабілеті зақымдалған ересек спортшылар арасында шахматтан республикалық жарыс басталды
Оған елімізің 14 аймағынан 70 – ке жуық спортшы қатысып жатыр.Сәуірдің 26 дейін жалғасатын сайыста жоғары лиганың қатарына жаңадан қосылатын спортшылар анықталады.Жарысқа қатысушылар жекелей ойында бақ сынайды.Бұл жарыста жоғары лига қатарындағы спортшылар – жоғары лигада орнын сақтап қалу үшін, бірінші лига құрамындағы спортшылар жоғары лига қатарына ену үшін күресетін болады.Себебі, тап осы кезеңнен өткен ойы озық спортшылар шахматтан еліміздің құрама командаға қосылуға,сондай – ақ, халықаралық жарыстарға жолдама алады.Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша блиц бойынша жеке есепте Муратова Алия – 2 орын, ал Қожахметов Султан – 3 орынды иеленді. Айта кетейік, бүгін жарыс классикалық ойын түрі бойынша өтетін болады.