Арбамен билеуден өткен Әлем чемпионаты жарысының жүлдегерлері елге оралды.
Бүгін елордалық спортшыларды Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдан арбамен билеуден өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Раушанбеков Дастан мен Абуов Курбаналиді мектеп әкімшілігі мен Астана қаласы әкімдігінің спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы мен бірлесіп әуежайдан күтіп алды.
Халықаралық Черлидинг Одағының қолдауымен (ICU – International cheer Union) 19 – 21 сәуір аралығында Орландо қаласында 2023 International cheer Union әлем чемпионаты өткен болатын. Елорда құрамасы жарыста қос күміс медальді жеңіп алды.
Турнир Olympic CHANNEL Халықаралық Олимпиада арнасында көрсетілді.
Adaptive Abilities Unified – мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен дені сау бишілердің бірлескен өнер көрсетуін қамтитын номинация, Қазақстан құрамасы турнирдің иелері-АҚШ құрамасынан кейін екінші орынды иеленді. Спортшылар хип- хоп стилі бойынша, алғаш рет өнер көрсетті . Сахнада болған қобалжуды да жасырған жоқ. Байрақты бәсекеде екінші орынды иеленгенімізге қуаныштымыз – деп қуанышымен бөлісті Абуов Курбанали. Спортшылар бір ай бойы тыңғылықты дайындық үстінде болғанын айтты.Сонымен қатар, жаңа би стилін меңгеру барысында көптеген білім мен тәжірибе жинағандарын айтты.