Елордалық пара бишілер Халықаралық лицензиялық турнирде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.
5 – 6 тамыз аралығында Токио қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық жарысқа 18 елдің спортшылары қатысты. Ел намысын Отарбаев Ардақ, Алиева Севда, Бегленова Айдана қорғады. Жарыс нәтижесі бойынша, Отарбаев Ардак пен Алиева Севда – DUO FREESTYLE CLASS 1 би санаты бойынша 1 – орын, DUO STANDART CLASS 1 санатынан 2 – орын алды.
Отарбаев Ардақ пен Бегленова Айдана COMBI LATIN CLASS 1 би санатынан қола жүлдені иеленді. Отарбаев Ардақ- MAN FREESTYLE CLASS 1 санатынан 3 орынды иеленді. Айта кетейік, аталмыш жарыс арбамен билеуден Әлем Чемпионаты алдындағы лицензиялық жарыс болып есептеледі.
Спортшыларымызды Әлем чемпионатына алған жолдамамен құттықтаймыз!




