11 – 22 тамыз аралығында Буэнос – Айрес (Аргентина) қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында сурдо жүзуден Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің 26 елінен 120 спортшы қатысты. Айта кетейік, байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшы Талғатов Алишер қатысып, 4 орынды иеленді.