Пара дзюдодан IBSA бүкіләлемдік ойындарында Астаналық спортшылар 1 алтын, 1 күміс медаль иеленді.
Пара дзюдодан IBSA Бүкіл әлемдік ойындары өз бабын табуда. Әлем ойындарына 43 елден 250 – ге жуық дзюдошылар сынға түсті.
Айта кетейік, 23 – 26 тамыз аралығында Бирмигем қаласында өтіп жатқан жарыс төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дода.
48 кг салмақта, J -2 санатында (көзі нашар көретіндер) Ақмарал Науатбек Әлем чемпионы атанды.Финалдық белдесуде украиналық Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен ұтты.
73 кг салмағында J – 1 ( көзі мүлде көрмейтіндер) Ерғали Шамей тартысты белдесуде финалда румыниялық Флорин Бологаға есе жіберді.
Ерғали финалға дейін аргентиналық, бразилиялық, неміс спортшыларын басымдылықпен жеңді.




