1. Ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысанда өтініш.
2.Жеке сәйкестендіру нөмірі бар түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
3.Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
4.027/у нысаны бойынша таңдалған спорт түрі бойынша сабаққа жіберуді көрсете отырып, учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген).
6.Мүгедектігі бар адамдар үшін спорт мектебіне қабылдау-қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады