100 келі салмақ дәрежесінде Хапизов Сабыржан-1 орын,60 келі салмақ дәрежесінде Григорий-2 орын,90 келі салмақ дәрежесінде Сатыбалдиев Тамирлан, 57 келі салмақ дәрежесінде Есмағанбетова Айнұр-3 орын алды
Естеріңізге сала кетейік, сурдо дзюдо біздің қаламызда 2022 жылдың басында ғана ашылған болатын.Қысқа уақыт ішінде жоғары нәтиже көрсету - бұл нағыз шеберлік.
"Жас спорт түрінің" жаттықтырушысы Тауба Рамазан өз кезегінде:
"Барлық жарыстардың дәстүрі бойынша, спартакиаданың ашылу салтанаты дзюдодан басталды.12 облыс бойынша 95 спортшы қатысты.Дзюдо дамып келе жатқан спорт түріне қарамастан,барлық спортшылар өз міндеттерін мінсіз орындады.Спортшылар көп еңбек етті, дайындалды. Жеңіс біздікі үшін болатынына сенімді болдым.Менің барлық үмітім ақталды. Алда халықаралық дәрежедегі жарыстар.Осы спорт түрін дамыту үшін үлкен жұмыс атқарсын".
Спартакиаданың жеңімпазы Сабыржан Хапизов жарыс барысы туралы айтып берді :
"Жарыс жоғары деңгейде өтті.Қарсыластардың дайындығы да жақсы болды. Мен жүлделі орынға ие болғаныма өте қуаныштымын.Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендім. Аптасына 6 рет 5-6 сағаттан залда уақыт өткіздім.Ол жаттығу залында кардио, жүгіру сияқты жаттығулар жасадым,күреспен айналыстым .Жаттығу - менің өмірімнің бір бөлігіне айналды.Жемісті еңбек-өзін-өзі тантты",-деп Хапизов Сабиржан өз ойымен бөлісті.