Ақтөбеде қалған спорт түрлері бойынша ақтық сындар өтті, "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары жеңіл атлетикадан 10 медальға ие болды, үш алтын, алты күміс және бір қола медаль.
Жарысқа 160 астам спортшы қатысты: 107 қатысушының тірек-қимыл аппараты зақымдалған және 50 спортшыда көру қабілеті төмен.
Нәтижесі:
- Каликова Елена: 1 орын (ядроны итеру), 1 орын (дискті лақтыру), 1 орын (найза лақтыру).
- Болат Бейбарыс 2 орын (100 метр жүгіру), 2 орын (200 метр жүгіру), 2 орын (қашықтықта секіру).
- Гольштейн Екатерина - 2 орын (ядроны итеру), 2 орын (дискті лақтыру), 2 орын (найза лақтыру).
- Духайло Валентин- 3 орын (ядроны итеру).
"Мен жеті жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып келемін, маған бұл спорт түрі өье ұнайды, маған жүгіру және қашықтықта секіру ұнайды. Менің мақсатым Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтівін орындау. Павлодар қаласында өткен Олимпиада ойындарында мен үш күміске ие болған болатынмын. Паралимпиада ойындары тәжірибе алысып жаңа белестерге жетуге мүмкіндік береді"- деп бөлісті жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, жастар және Азия ойындарыныңчемпионы Бейбарыс Болат.
Пауэрлифтингтен жалғыз ғана медальға Байлин Қанат ие болды, спортшы 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, 123 кг салмақ нәтижесімен ол елорда құрамына күміс медаль алып келді.