16 медалей завоевали столичные пара-каратисты на международном турнире

Халықаралық турнирде елордалық спортшылар 16 медальға ие болды

18-19 мамыр аралығында Қазақстанда алғаш рет пара-каратэдан «NUR-SULTAN OPEN 2019» Халықаралық инклюзивті турнирі өтті. Турнирде Қазақстаннан, Ресейден және Өзбекстаннан командалар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 500-ден астам адамды құрады

Жарысқа балалар-жасөспірімдер сондай-ақ барлық мүгедектік түрлері бар балалар, жастар және ересектер қатысты. Жарысқа пара-каратэден Әлем чемпионы, бала құқығы бойынша РФ қоғамдық палатасының мүшесі, 42-км протезбен марафон жүгіріп өткен Бурлаков Сергей Владимирович келді. Белгілі спортшы көрнекі өнер көрсетіп, мектеп спортшысы Турсунова Асияны «жеңіске жігер» атты ерекше жүлдемен марапаттады. Кикбоксингтен Әлемнің 11 дүркін чемпионы, Голлливуд жұлдызы Дон Уилсонның келуі спортшылар мен қонақтарға үлкен тосын сый болды. Әртіс қарсы алушылардың жылы лебіздеріне алғыс білдіріп, спортшыларға тосқауылдардан қорықпай, армандарына қарай ұмтылуды тіледі. Елордалық пара-каратэшілер турнирде 16 медальға ие болды: 4 алтын, 5 күміс және 7 қола.

«Спорттық іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Біз Сергей Бурлаковтың келгеніне өте қатты қуандық. Дон Уилсонның елуі ерекше болды, көптеген балалар оның қатысуымен болған фильмдерді көрген болатын, ол өте ашық адам екен, оның қолынан медаль алу біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл турнирде мен Қазақстан мен Ресейдің әр-түрлі қалаларынан келген адамдармен таныстым, олардың жарысқа дайындығына қарау өте қызықты болды. Жарыс ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін, әсіресе біздің сенсей Мейрамгульге, бұл турнир үлкен мейрам сияқты» - деп бөлісті пара-каратэден республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Жусупова Ляззат

Ашылу салтанатында арбамен билеуден спортшы Коканова Асыл өнер көрсетті, сондай-ақ ол пара-каратэмен айналысады және турнирде екі қола медальға ие болды. «Спортпен 2014 жылдан бастап айналыса бастадым, басында би және үстел теннисі болды, қазір пара-каратэні де қостым. Маған бұл спорт түрі өте ұнады, бұл жерде тек қана техника ғана емес, актерлық шеберлік те қажет. Менде әлі тәжірибе аз, бірақ қоржынымда үш медаль бар, алға үлкен мақсат қойып отырмын» - деп бөлісті Асыл.

Турнирді үйымдастырушылар «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы», Нұр-Сүлтан қаласының WKF Каратэ до және дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы және «Асыл бала» ассоцияциясы. «Барлық ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға үлкен алғысымды білдіремін, бұл жарыс Қазақстандағы тарихи оқиғалардың бірі болып есептеледі. Әр-түрлі мүгедектік түрлері бар балалар қатысқан жарыс алғаш рет өткізіліп отыр. Федерациямыздың алға қойған үлкен жоспарлары бар, осындай турнирді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр» - деп қорытындылады елордалық каратэ федерациясының басшысы Мейрамгуль Дукуева.


Поделиться в соц. сетях: