19 медалей завоевали столичные пловцы на Паралимпийских Играх

Паралимпиада ойындарында елордалық спортшылар 19 медальға ие болды

Қазақстан Республикасының V Паралимпиада ойындарының шеңберінде Ақтөбеде жүзуден жарыс аяқталды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары 19 медальға иеленді, оның ішінде 10 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль.

2018 жылғы Пара ойындардың чемпионы Далиев Сиязбек құраманың қоржынына 3 медаль алып келді, Ельдекенов Ерлан 3 алтын медаль, Ли Надежда екі алтын және бір күміс, Паленис Николай қола медаль, Сутпаева Диана бір алтын және күміс, Ибрагимов Адлан екі қола медальға ие болды, Нұр-Сұлтан қаласы жалпыкомандалық үшінші орын алды, бірінші орында Қарағанды қаласы, екінші орын Шымкент қаласында.

Паралимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді, оған Қазақстанның мүмкіндігі мектеулі барлық азаматтар қатысады, осы жылы жүзуге екі жүзден астам адам қатысты. Ойындардың ресми ашылу салтанаты 12 қыркүйек күні өтеді, пара пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, отырып ойнау воллейболы, үстел теннисі, пара дзюдо және оқ атудан жарыстар өткізіледі. Лондон қаласында жүзуден Әлем чемпионатының өткізілуіне орай, бұл спорт түрі тамыз айына ауыстырылды. Жүзуден елордалық құрама команданы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Загородний Владимир Кириллович дайындады.

Паралимпиада ойындары еліміздегі паралимпиада қозғалысын нығайту және ойындардың бағдарламасына кіретін спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізіледі. Спортшыларымызға қолдау көрсеткен «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына» ерекше алғыс білдіреміз.

19 medaley2


Поделиться в соц. сетях: