Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының V Паралимпиада ойындары аяқталды. Бір апта бойы тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен 800 спортшы үздік атағына бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар оқ атудан, пара дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, отырып ойнау воллейболы және пауэрлифтингтен ұлттық құрама командалардың қатарын толықтырады. Паралимпиада ойындарының бағдарламасына пара дзюдо алғаш рет қосылып отыр
Елордадан «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» 40-тан астам спортшысы қатысты. Лондон қаласында Әлем чемпионатының өтуіне байланысты Паралимиада ойындарының шеңберінде Ақтөбе қаласында 16 – 18 тамыз аралығында жүзуден жарыс өтті. Нәтижесінде Елордалық спортшылар 20 медальға ие болды: 9 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль.
Негізгі кезең жарыстары 14 – 17 қыркүйек аралығында өтті. Бірінші болып пара дзюдошылар жарысты аяқтады, олар алтын, күміс және екі қола медальға ие болды, біздің құрама жалпыкомандалық екінші орын алды.
- Командаға ең көп медаль жеңіл атлетшілер алып келді 3 алтын, 6 күміс және бір қола.
- Пауэрлифтингтен өткен жарыста біздің командада бір күміс медаль.
- Үстел теннисінен спортшылар бір алтын, күміс және екі қола медальдарға ие болды.
- Отырып ойнау воллейболынан команда ақтық сынға өту үшін жеткілікті ұпайды жинай алмады.
- Барлығы біздің команда 14 алтын, 13 күміс және 12 қола медальдарға ие болды.