Ақпан айында Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөпірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде» жаңа паракаратэ секциясы ашылды, ал бүгін мектеп спортшылары өздерінің алғашқы медальдарын алып келді.
Ақтөбе қаласында Әлем чемпионы Ашим Қалидың жүлдесіне каратэ-додан «AKTOBE OPEN-2019» халықаралық турнирі аяқталды. Осы жылы турнир шеңберінде паракаратэден жарыс өтті, жарысқа Астана, Орал, Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан спортшылар қатысты.
Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөпірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары турнирде алты медальға ие болды. Көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы жарыста Жусупова Ляззат және Бексырғаұлы Керім алтын медальдарға ие болды, ал Нұрмағанбетова Алина күміс медальға иеленді, Никитин Данил мен Сақбосынов Даниярдың есебінде қола медальдар.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы жарыста Турсунова Асия күміс медальға ие болды.
«Ақтөбе қаласында халықаралық турнир он сегізінші рет өткізіліп отыр, осы жылы біз жарысты паракаратэшілер арасында да өткіздік. Біздің спортшылар үлкен тәжірибе жинады. Нәтижесіне біз өте ризамыз, қазір Астана қаласында өтетін халықаралық турнирге дайындаламыз. Бізге қарай отырып республикамыздың басқа аймақтары да паракаратэ спорттын дамытады деген үміттеміз» - деп бөлісті каратэ-додан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгуль Дукуева.