65-мектеп гимназиясының оқушыларына арналған үгіт-насихат жұмыстары

65-мектеп гимназиясының оқушыларына арналған үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің қызметкерлері түзету сыныптары жұмыс істейтін мамандандырылған №65-мектеп гимназияның оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жақында спорт ұйымында жаңа спорт түрі жұмыс істей бастады: есту қабілеті нашар адамдарға арналған Сурдо дзюдо. Спортшыларды дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері Тәуба Рамазан жаттықтырады.

Мектеп оқушыларымен кездесуде жаттықтырушы өзінің спорттық жолының тарихымен бөлісті, өзі айналысқан спорттың түрі мен тарихы, сондай-ақ спорттық карьераның болашағы туралы айтты. Оқушылармен танысуға пара дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Арыстанбеков Бауыржан келді. Спортшы өзінің тәжірибесі, спорттың әр адамның өміріндегі пайдасы және дзюдоның артықшылықтары туралы айтып берді.

Кездесу соңында оқушылар жаттықтырушыға сұрақтар қойып, телефон нөмірі жазылған визиткасын алды, Олар жаттықтырушымен байланысуға және сурдо дзюдоға жазылуға ниетті. 2022 жылғы мектептің негізгі мақсаты – мектеп контингентін ұлғайту және елордалық спортшылардың спорттық нәтижелерін арттыру болып отыр.

1

2

3


Поделиться в соц. сетях: