7-9 сәуірде Нидерландының Амстелвен қаласында Халықаралық паралимпиада комитетінің қолдауымен халықаралық лицензиялық жұп би турнирі өтті. Бұл турнирге әлемнің 20-дан астам елі қатысты. "ҚР жұп би федерациясы" спортшылары ұсынған Қазақстан Республикасының құрамасы турнирдің бірінші күні екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Жарыстың үш күнінде ҚР құрамасы екі алтын, екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, Астаналық спортышларымыз комби фристайл стилінен -3 , комби латина стилі бойынша -2 , комби стандарт стилінен 4 орынды иеленді. Сондай – ақ, отандастарымыз Қалымбетов Ермек Single men FREESTYLE CLASS 2 санаты мен Қалымбетов Ермек - Аталықов Күлшім Combi FREESTYLE CLASS 2 санатында-1 орынды иеленді.Оторбаев Ардақ-Бегленова Айдана Combi FREESTYLE CLASS 1 санатында- қола жүлде, комбо латина би стилінен күміс жүлде иегерлері атанды. Айта кетейік,лицензиялық турнирден жүлделі орын алған спортшылар ағымдағы жылда Словакия елінде арбамен билеуден өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.