7 медалей завоевали столичные теннисисты на Чемпионате Республики

Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық спортшылар 7 медальға ие болды

Ақтөбе қаласында ТҚАЗ спортшылары арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс 2 – 5 сәуір аралығында өтті, қатысушылардың саны 40-тан астам, Республикамыздың 10 аймағынан: Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарынан және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан.

Елордамыздың намысын Нүр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары қорғады. Қыдырша Мақсат екі алтын медальға, Жақыпбек Райымбек бір алтын және бір күміс медальдарға ие болды. Бауыржанұлы Еламан жарыстың екі дүркін қола жүлдегері атанды және Уалиева Аида үшінші орын алды.

Жарыс нәтижесі бойынша елордалық құрама команда жалпыкомандалық үшінші орын алды. Алда шілде айында Египетте өтетін үстел теннисінен жарыс күтіп тұр.

 


Поделиться в соц. сетях: