8 Наурыз

8 Наурыз

Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан финалдық жарыстар өтті. Жарыс 2-5 наурыз аралығында өтті, барлығы 50-ден астам спортшы қатысты.

"Бүгін әлемнің барлық әйелдер қауымын құттықтауға рұқсат етіңіздер, сіздердің қамқорлықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін. Біздің спортшыларымызға зор денсаулық және шексіз бақыт тілеймін", - деді салтанатты жабылу салтанатында мектеп басшысы Аубакиров Нұржан Өміржанұлы.

Әйелдер күні мерекесі құрметіне үстел спорты түрлерінен өткізілетін жарыстар, міне алтыншы жыл қатарынан мектеп жаттықтырушысы Сағымбай Болсбекұлының бастамасымен өткізіліп келеді.

"2014 жылы маған 8 наурызға қарай әйелдер арасында турнир ұйымдастыру туралы идея келді. Қатысушылардың саны жылдан жылға артып келе жатқанына қуаныштымыз. Жарыста әрдайым достық көңіл-күй байқалады, өйткені әйелдер – олар отбасын сақтау тұрушы және де "Ана" сөзі бекерге ең басты саналмайды, – дейді мектеп жаттықтырушысы.

Кездесу соңында спортшылар мектеп басшылығына жылы құттықтаулары және сыйлықтары үшін алғыс айтып, бүкіл әлемге бейбітшілік тіледі.

8 marta 2


Поделиться в соц. сетях: