Бүгін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» қызметкерлері Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ағартушысы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел сұхбат алаңы түрінде өтті. Әр қатысушы Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы өз көзқарасын білдірді.
«Бұл шараның мақсаты халық философы-ағартушы Абай Құнанбаевтың ойлары мен идеяларын зерделеуге, сондай-ақ болашақ мамандар даярлауда қоғам қайраткерінің ойларын барынша пайдалануға мүмкіндік беру болып табылады. Жастар ұлы ойшылдың ел тарихына қосқан үлесі туралы білуі тиіс", – деп қорытындылады сөзін мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров.