Достар, сіздер үшін жақсы жаңалығымыз бар. Біздің мектепте спорттың жаңа түрі, армрестлинг ашылады.
Жаттығуды армрестлингтен жоғары санатты жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ахмедов Заир Далимбекович жүргізетін болады.
Жаттығуға 14 жастан асқан, мүгедектігі бар кез келген адам қатыса алады. Жаттығулар Паралимпиадалық жаттығу орталығында, аптасына үш рет өткізіледі.
Топқа іріктеуді 8-702-178-64-43 телефоны арқылы жаттықтырушы Заир Далимбекович жүргізеді.