Астана қаласында есту қабілеті зақымдалған ересек спортшылар арасында шахматтан республикалық жарыс басталды

4f604c17 8f92 413d bb85 4b582b0f3e97Оған елімізің 14 аймағынан  70 - ке жуық спортшы қатысып жатыр.Сәуірдің 26 дейін жалғасатын сайыста жоғары лиганың қатарына жаңадан қосылатын спортшылар анықталады.Жарысқа қатысушылар жекелей ойында бақ сынайды.Бұл жарыста жоғары лига қатарындағы спортшылар - жоғары лигада орнын сақтап қалу үшін, бірінші лига құрамындағы спортшылар жоғары лига қатарына ену үшін күресетін болады.Себебі, тап осы  кезеңнен өткен ойы озық спортшылар шахматтан еліміздің құрама командаға қосылуға,сондай - ақ, халықаралық жарыстарға жолдама алады.Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша блиц бойынша жеке есепте Муратова Алия - 2 орын, ал Қожахметов Султан - 3 орынды иеленді. Айта кетейік, бүгін жарыс классикалық ойын түрі бойынша өтетін болады.

 

12f1bfb3 9ca5 455e 8b60 d2877014d16a

94028a24 d104 4161 bd05 c19d41e0a144

cd4f3d37 68b1 433c 913e 11d5e255772f


Поделиться в соц. сетях: