Аттестация

Аттестация

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде» дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлерді, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылар құрамын аттестациялау басталды.

Аттестациялау рәсімі олардың кәсіби даярлық деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Аттестациялау кезінде бағалаудың негізгі өлшемі ретінде қызметкерлердің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін орындай алу қабілеті алынады.

Ұйым қызметкерлерін бағалауды құрамына мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров кірген комиссия жүзеге асыратын болады. Манашев Әнуар Дулатұлы - басшының орынбасары, Сейдалиев Берікжан Кәрімжанұлы - Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, Мұқанов Олжас Бейбітұлы - спорт жөніндегі әдіскер және кадр бөлімінің қызметкері - Жексембинова Зарема Мұратқызы.

Аттестациялау 12-16 қазан аралығында өтеді.

attestation 2


Поделиться в соц. сетях: