Қазақсатандық Спортшылар Арбамен билеуден Әлем Кубогін жеңіп алды.

    10-11 қыркүйек аралығында Словакаия елінің Кошице қаласында арбамен билеуден Әлем Кубогі өтті.Аталмыш сайысқа Әлемнің 15 Мемлекеті қатысты.

Қазақстан Республикасының жұп би федерациясының атынан  Әлем Кубогіне арналған   сахна төріне еліміздің үздік бишілері ел намысын қорғады.Бишілеріміз рекордты марапат саны мен Әлем Кубогін жеңіп алып,жеңіс қоржынын 2 алтын,8 күміс,5 қола жеңіспен толтырды.

    Бас жаттықтырушы Тусупбекова Алия орын алған оқиғалар туралы  ой бөлісті:
«Әуежайда форма мен жүгіміз жоғалды.Алайда,орын алған жағдайлар жақсы нәтиже көрсетуге кедергі болған жоқ. Тіпті,бишілер өз арбасымен емес,өзге арбамен өнер көрсетуі-жеңіске деген ұмтылысқа кедергі болған жоқ»-деп жаттықтырушы өз ойымен бөлісті.

Қазақстан құрама командасынан:

Муктарова Малика (Нұр-сұлтан Қаласы)- single 2 категориясы бойынша  1 орын

Қалымбетов Ермек мен  Атылықова Күлшім (Шымкент қаласы,Алматы қаласы)-1 орын

Оторбаев Ардақ және Бегленова Айдана (Нұр-сұлтан қаласы) - combi freestyle 1 категориясы бойынша 3 орын

Қалымбетов Ермек және Атылықова Күлшім (Шымкент,Алматы қаласы)- combi Latina 1 категориясы бойынша 2 орын

Айгүл Балмағамбетова ( Қарағанды облысы)-3 орын

Алиева Севда(Нұр-Сұлтан қаласы) - single 1 категориясы бойынша 1 орын алды.

    Қазақстан Республикасының жұп би федерациясы әлем кубогына сапарды қаржыландыруға қолдау көрсеткен меценаттарға алғыс білдіреді. Атап айтқанда, Ғабит Сатмағамбетовтың жеке қоры қолдау көрсетіп,Әлем кубогына жол жүру билеттерін сатып алуға көмектесті.

1

1


Поделиться в соц. сетях: