16 жасқа дейінгі мектеп таэквондошылары пумсэ техникасын көрсетті. Бұл жаттығулар белгілі бір траектория бойынша, дәл белгіленген ретпен орындалатын және бірнеше қарсыласпен нақты жекпе-жекке ынталандыратын қорғаныс пен шабуыл әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Мектеп басшылығы мен әкімшілігі балаларды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жас чемпиондарға сыйлықтар мен медальдар табыстады.
Пара таеквондо бойынша мектебіміздің жаттықтырушысы Симамбаев Ерболдың айтуынша, ата-аналар мен балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, ұйымдастырушыларға осы іс-шара үшін алғыс білдірген. Айта кету керек, іс-шараны өткізу кезінде барлық санитарлық нормалар сақталды.