Бразилияда 24-ші Сурдлимпиада ойындары аяқталды, оған әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы атынан 9 спорт түрінен 65 спортшы өнер көрсетті. Елордамыздың намысын "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Нестеров Владимир, Хапизов Сабиржан және Талғатов Алишер қорғады.
Мектебіміздің спортшысы Нестеров Владимир үстел теннисінен командалық жарыста қола медаль жеңіп алды. Спортшы үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шеберіне үміткер болып табылады.
Мектеп басшылығы мен әкімшілігі қола медаль иегерін салтанатты түрде қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Владимир Нестеров мектеп пен елорда әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды.