"Алатау" спорт кешенінде "Наурыз" мерекесіне орай мүгедек спортшылар арасында қалалық жарыс өтті. Жарысқа 40-тан астам спортшы қатысты.
"Бүгін жарысқа есту қабілеті нашар 14 спортшы қатысты. Өзім жаттықтырған спортшыларымның нәтижелеріне ризамын, арасында Талғат Әлішер ерекше көзге түсіп, 50 метр қашықтыққа жүзуден бірінші орын алды. Әлішер – Қазақстан чемпионы және Польшадағы халықаралық турнирдің жүлдегері. Жаттығулар аптасына бес рет "Алатау" спорт кешенінде өтеді, қазір 40 спортшыны жаттықтырып жатырмын.
Біз республикалық және халықаралық жарыстарда Елордамыздың намысын қорғау үшін барынша жаттығу үстіндеміз және дайынбыз", – деді мүгедектігі бар спортшыларға арналған елордалық мектептің жаттықтырушысы Жасанов Нұрлан.