Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында елордалық спортшыларға арналған "Паралимпиадашы" фильмінің көрсетілімі өтті

Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында елордалық спортшыларға арналған "Паралимпиадашы" фильмінің көрсетілімі өтті

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі" басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Көрсетілімге фильмнің продюсері Әділет Ибраһим мен белгілі қазақстандық актер Жанғазин Жалғас келді. Қонақтар фильмнің қалай пайда болғаны туралы айтып, түсірілім кезіндегі эмоцияларымен бөлісті.

Мектеп спортшылары үлкен әсер алып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. “Паралимпиадашының” сюжеті - бұл шаңғымен сырғанаушы Александр Колядиннің қысқы Паралимпиада ойындарындағы жеңісінен шабыт алған көркем фильм.

"Шараның басты мақсаты - спортшыларымыздың спортпен шұғылдануға деген ынтасын арттыру. “Паралимпиадашы” - басты кейіпкердің қиындықтан мойымай, қалай мақсатына ұмтылғанын  көрсететін мықты фильм. Біз спортшыларымыздың бас кейіпкердің өмір тәжірибесінен шабыт алып, әрқашан тек жеңіске ұмтылғанын қалаймыз", - деп бөлісті мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров.

Фильмнің көрсетіліміне елуден астам адам қатысты. Фильмді көргеннен кейін спортшылар актер Жанғазин Жалғаспен естелік суретке түсіп, фуршетке қатысты. Мектеп басшылығы мен әкімшілігі осы кинематографиялық шедеврді жасауға қатысқандардың барлығына алғыс білдірді.

1

1

1

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: