«Балалар арасында мобильды топтардың марафоны».

2022 жылдың 24 қыркүйегінде «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Бақытты шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрақты дамыту, қолдау және көмек көрсету қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры «Балалар арасында мобильды топтардың марафоны»атты іс-шара өткізілді. Шараға бастамашыл топтар, азаматтық сектор өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылығы,спортшылар қатысты.

Ашылу салтанында Марафонның ұйымдастырушысы Султанова Ботагоз,Парламент Сенатының Депутаты Альназарова  Акмарал,Астана қаласының әкімінің орынбасары Байкен Есет,Дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Корбозов Еркегали,Мажіліс Депутаты Павловец Лариса  құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты: қимыл-қозғалысы төмен топтағы балаларды қимыл-қозғалыстағы белсенділікке және оң көзқараста болуға қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ бейімді спорт түрлерінен жеңіске жетуге ынталандыру.

Спортшылар да марафонға қатысып,балаларға қолдау көрсетті.Солардың бірі дзюдодан ҚР СШ, пара дзюдошы  Ақмарал Науатбек.

.Өткен марафон туралы Ақмарал өз ойын білдірді:

«Бүгін қозғалысы шектеулі балаларға арналған марафонға қатысып жатырмын. Мен дзюдодан еліміздің ұлттық құрама командасының қатарында болдым, кейін пара дзюдоға ауысқан болатынмын. Спортта шектеу жоқ,кез-келген адам ,өзінің мүмкіндігіне қарамастан ,қалаған спорт түрімен айналыса алады. Мен-соның дәлелімін»-деп өз ойымен бөлісті.

Осы орайда марафонды өткізу идеясының авторы,марафонға қатысушының анасы,Қоғамдық фонд қызметкері Салтанат Рақышева : « Осындай  марафон қаламызда  алғаш рет өткізіліп жатыр.Балалар үшін спорттық дәрежесі бар танымал спортшылармен бірге марафонға қатысу үлкен қуаныш сыйлады.Барлығы жақсы өтті»-деп айтты.

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: