«Балаларды Қорғау Күні»

«Балаларды Қорғау Күні»

Бүгін Халықаралық «Балаларды Қорғау Күні» қарсаңында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» басшылығы мен әкімшілігі жас спортшыларымызды осы шуақты әрі жарқын мерекемен құттықтап, демеушілердің көмегімен оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Мектеп басшысы Әубәкіров Нұржан Өміржанұлы жас спортшыларды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық, мерейлі жеңістер тіледі.
Жас чемпиондарға үстел ойындары, құрастырғыштар, ойыншықтар мен тәттілер сыйға тартылды.

«Біздің жас чемпиондарымызды балаларды қорғау күнімен құттықтаймын және барлықтарыңызға бақыт, жоғары спорттық нәтижелер мен бейбіт аспан тілеймін» деп, басшының орынбасары Әнуар Дулатұлы құттықтау сөз сөйледі. Спортшылардың ата-аналары осындай мереке үшін басшылық пен демеушілерге алғыстарын білдіріп, барлығын мерекемен құттықтады.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылып, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.

Фотогалереяға өту


Поделиться в соц. сетях: