Қарағандыда үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында "Қарағанды Open" V ашық Республикалық турнирі аяқталды.
Жарысқа Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Абай, Қостанай, Екібастұз, Ақтөбе, Нұр-сұлтан қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Біздің мектептің спортшысы Айдарханова Сәуле екі алтын медаль жеңіп алды, теннисші Ақтөбеде өткен Паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы. Үшінші алтын медаль Есенбаев Оразалы 65 жасқа толғанына қарамастан, ол спортпен шұғылдануды жалғастыруда және жастарды спортты сүюге шақырады.