Чемпионат  Республики Казахстан по шахматам

Шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты

Нұр-Сұлтан қаласында ТҚАЗ және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс 11-17 наурыз аралығында өтті. Осы жылы еліміздің 15 аймағынан 60-тан астам спортшылар қатысты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны екі есе артты.

Сондай-ақ осы жылы көздері мүлдем көрмейтін спортшылар бөлек сайысқа түсті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөпірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары жарыста екі алтын және бір қола медальға ие болды. Алғашқы алтын медальға Есингабылова Баян иеленді. Кожабеков Адильхан екінші алтын медальды алып келді, Муканов Адильханның қоржынында бір қола медаль. Үш спортшыда да тірек-қимыл аппараты зақымданған.

«Жарыс ойдағыдай өтті. Басқа қалалардан келген спортшылар өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін айтты. Жарыстың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Маржикпаев Берик Боромбаевич келді. Біздің елордалық спортшылар үш медальға ие болды. Алда дойбы, шахмат және тоғызқұмалақтан үш чемпионат өткізу жоспарланып отыр» - деп бөлісті спорт мектебінің шахматтан жаттықтырушы Дауренбеков Сагимбай Болсбекович.

 


Поделиться в соц. сетях: