Тараз қаласында 19 – 29 наурыз аралығында «Тараз-Арена» спорт кешенінде ТҚАЗ және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, ШҚО, Қостанай, Павлодар облысынан барлығы 70 спортшы қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары Хамитов Альтаир, Досали Саята және Наметулаев Ерсултан бір алтын, үш күміс және үш қола медальдарға ие болды.
Чемпионаттың мақстаты жүзуден халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үздік спортшыларды іріктеу, сондай-ақ ТҚАЗ және көру қабілеті төмен спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту. ҚР Еңбек сіңірген спортшысы Загородний Владимир Кириллович жарыс жоғарыда деңгейде өткенін атап өтті.