Көкшетау қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс 29 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтті.
Елордалық спорт мектебінің спортшылары Республика біріншілігінде 6 медальды жеңіп алды: бір алтын, 3 қола және екі күміс.
Еркін күрес:
- Ерлер арасында: Орманов Абылайхан 65 кг - 3 орын
- Жастар арасында: Тұрсынбай Рахымжан 125 кг - 2 орын.
Грек-Рим күресінен:
- Ерлер арасында: Орманов Абылайхан 63 кг - 1 орын
- Дихан Дархан 67 кг - 3 орын
- Жұматаев Олжас 82 кг - 3 орын
- Жастар арасында: Тұрсынбай Рахымжан 130 кг -2 орын
Қазақстан Республикасының чемпионаты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Спортшыларымызды құттықтаймыз!!!