Далиев Сиязбек пара таеквандодан жарыста күміс жүлдегер атанды

Далиев Сиязбек пара таеквандодан жарыста күміс жүлдегер атанды

Бүгін Нұр-Сұлтанда тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы басталды.

Спартакиаданың бірінші күні паралимпиадалық жаттығу орталығында спортшылар арасында пара таеквандодан жарыстар өтті. Біздің спортшымыз Далиев Сиязбек жарыста екі дүркін Еуропа чемпионына жол беріп, екінші орын иеленді. Спортшы суда жүзуден жарыста да елорда намысын қорғайды.

Спартакиада ережелеріне сәйкес спортшылар спорттың тек екі түрінен ғана жарысқа қатысуға құқылы.


Поделиться в соц. сетях: