«Мүгедектер күні»

«Мүгедектер күні»

Жыл сайын Қазақстан Республикасында қазанның екінші жексенбісі Мүгедектер күні атап өтіледі, биыл мереке 13 қазанға түсті. Осы күні жарияланған мақсаттар-адам құқықтарын тең сақтау және мүгедектердің қоғам өміріне қатысуы.

Елордалық әкімдік пен "Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мүгедектерге спортпен шұғылдануға ұмтылуда.

2019 жылдың басында елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа спорт мектебі ашылды "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі"деп аталды.
Мектепте спорттың 18 түрі: жеңіл атлетика, жүзу, отырып волейбол, еркін күрес, грек-рим күресі, парадзюдо, паратаеквондо, паракаратэ, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, бочча және голбол, арбамен билеу, шахмат, дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ, спорт топтарына спортшыларды қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Бүгінгі күні мектеп контингенті үш жүзден астам спортшыны құрайды,оның ішінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 спорт шебері, 51 спорт шеберіне үміткер. 9 айда біздің спортшылар 283 медальға ие болды, оның ішінде: алтын - 97, күміс - 90 және қола - 96.

Біздің спортшыларымыздың нәтижелері, біздің мектеп жаттықтырушыларының зор еңбегі, сондықтан да басшылық мереке қарсаңында оларды құттықтап, алғыс хаттар табыс етуге шешім қабылдады, сондай-ақ мүгедектігі бар мектеп қызметкерлері марапатталды.

Бұл күн- адамдарға құрмет пен алғыс көрсету,олар барлығына белсенді өмір салтын жүргізіп, шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетеді.

den invalidov 2


Поделиться в соц. сетях: