Ағымдағы жылдың 11 қазанында Елордадағы Ұлттық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі,"мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы",Сурдлимпиада федерациясының қолдауымен есту қабілеті зақымдалған жастар арасында Республика күніне орай дойбыдан жастар арасындағы алғашқы Чемпионат бастау алды.
Аталмыш чемпионаттың мақсаты-Сурдлимпиадалық ойындарды және сурдлимпиадалық спорт түрінің халықаралық спорт түрлерін дамыту,жас спортшыларды рухани тәрбиелеу.
Жарыс 64 шаршы бойынша жекелей және БЛИЦ ойын түрлері бойынша жүзеге асты.
5 аймақтан келген 20 дарынды спортшы бірнеше күн бойы сынға түсті.
Өз кезегінде ҚР Сурдлимпиада Федерациясының дойбыдан бас бапкері Максим Рожков:
"Чемпионат 2 санат бойынша өтеді: бірінші санат 16 жастан 18 жасқа дейін,екінші санат 19-23 жас аралығында.ҚР 5 өңірінен спортшылар мен жаттықтырушылар келді.Бұл Чемпионат есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында бірінші рет өткізіліп отырған Чемпионат. Жастар арасында дойбы чемпионатын өткізу былтыр жоспарланды.Дойбыдан чемпионат өте сирек өткізіледі.Дойбыдан:64 шаршыдағы дойбы,Бразилиялық дойбы,100 шаршыдағы дойбы бойынша көптеген халықаралық жарыстар өткізіледі.Жастар арасында осы спорт түрін дамытуымыз керек.Дойбы спорт түрінінен халықаралық деңгейге шығуы арқылы ойыншылардың деңгейі өседі,тәжірибе молайады.Өйткені, дойбы мен шахмат,тоғызқұмалақ интеллектуалды ойын"-деп атап өткен болатын.Сонымен қатар талантты спортшыларды тәрбиелейтін мықты мамандардың да жеткіліксіз екендігін де атап өтті.
Чемпионат нәтижелері бойынша 19-23 жас аралығындағы классика ойынында Шаимов Алмас 2 орынға жайғасты.
16-18 жас аралығындағы спортшылар арасында болған ойында Бериккалиев Алишер,Төреқұл Балнұр жүлделі 1 орын,Усманов Диас 3 орын алды.
Астана қаласының спортшылары классика ойынында командалық 1 орынды иеленді.