В Дубае (ОАЭ) завершилось мировое первенство по пара каратэ

Дубайда (БАӘ) пара каратэден әлем біріншілігі аяқталды

Жарыс 15-21 қараша аралығында өтті, оған әлемнің 22 елінен 85 спортшы қатысты.

Біздің спортшыларымыздың нәтижелері:

  • Жүсіпова Ләззат - 5 орын
  • Никитин Данил - 7 орын
  • Бексырғаұлы Керім - 9 орын
  • Мухамеджанов Дидар - 13 орын

"Біздің пара каратэшілер үшін Әлем Чемпионаты, бұл Олимпиада ойындарына тең. Бұл спорт түрінен әлі жоғары деңгейдегі жарыстар жоқ. Керім мен Ләззат үшін бұл алғашқы тәжірибе емес, олар 2019 жылғы Әлем біріншілігінің жеңімпаздары. Дидар мен Данил үшін бұл әлемдік деңгейдегі алғашқы жарыстары. Дайындыққа пара каратэ бойынша екінші жаттықтырушы Алшынова Тойжан көмектесті, ол Мұхамеджанов Дидардың жеке жаттықтырушысы, пара каратэ тарихында бұл арбада отыратын алғашқы қатысушы. Біздің спортшымыз Данил "зияткерлік олқылықтар" санатында алғашқы болды.

Алда бізді Ресейдегі Әлем кубогы мен мамыр айында Еуропа чемпионаты күтіп тұр. Бұл жарыстарда біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз, енді соған дайындаламыз", – деді пара каратэден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дукуева Мейрамгүл.


Поделиться в соц. сетях: