Қарағандыда есту қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Жарыс 11-13 мамыр аралығында өтті. Оған жалпы саны сексеннен астам спортшы қатысты. Еліміздің үш күндік біріншілігі ересек спортшылар мен жастар (2004 ж. т. үлкен емес) арасында өтті.
Елордалық мүгедек спортшыларға арналған мектептің спортшылары 32 медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-сұлтан қаласының құрама командасы ересектер арасында жалпыкомандалық екінші орынды, жастар құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.
Ересектер арасындағы нәтиже:
- Алтын - 3
- Күміс - 13
- Қола - 4
Жастар арасындағы нәтиже:
- Алтын - 4
- Күміс - 1
- Қола - 7
Елордалық суда жүзуден жаттықтырушы Жасанов Нұрланның айтуынша, ел біріншілігі біздің спортшылар үшін сәтті өтті және барлық суға жүзушілер өздерін жақсы жағынан көрсете алды. Спортшыларымызды құттықтаймыз!!!