В столице завершился Кубок РК по пара волейболу

Елордада пара волейболдан ҚР Кубогы аяқталды

Паралимпиадалық жаттығу орталығында пара волейболдан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Қызылорда, БҚО, Шымкент, Қостанай, Тараздан 6 команда қатысты.

Нәтижесінде елордалық команда екінші орынға ие болды.

Жалпы Нәтижелер:

  • 1-орын Тараз
  • 2 орын - Нұр-Сұлтан
  • 3 орын - БҚО

Пара волейболдан Қазақстан Республикасының Кубогы жыл сайын өткізіледі, онда ұлттық құрамаға кіруге үміткер спортшылар бақ сынайды. Жүлделі орындарға ие болған командалар іріктеудегі басты үміткерлер болып саналады. Жарыстың соңғы күні жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған төрешілер курсы өтті, оған біздің мектептің жаттықтырушылары Башенеев Азамат пен Әбенов Медеу қатысты. Соңында жаттықтырушыларға сертификаттар берілді.


Поделиться в соц. сетях: