Елордада пара-жүзуден әлем чемпионы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды

Елордада пара-жүзуден әлем чемпионы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды

Сиязбек Далиев – пара-жүзуден әлем, Азия мен Еуропа чемпионы, биыл «Токио-2021» олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды.

Ол тек спортшыларға ғана емес,  өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр. Мурал «Toyota Motor Kazakhstan» компаниясы және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған суретшілер Аяулым мен Айбек Нурбековтар отбасы.

Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы 189 көше, 5 үйдің қасбетінде салынған.


Поделиться в соц. сетях: