Елордалық пара дзюдошылар Германияда күміс пен қола медаль жеңіп алды

Елордалық пара дзюдошылар Германияда күміс пен қола медаль жеңіп алды

18-21 ақпан аралығында Германияның Хайдельберг қаласында пара дзюдодан халықаралық турнир өтті. Жарысқа тоғыз ел қатысты, қатысушылардың жалпы саны сексеннен астам спортшы. Астананың намысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Шамей Ерғали және Арыстанбеков Бауыржан қорғады.

73 кг салмақ дәрежесінде Шамей Ерғали халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанса, осы санатта Арыстанбеков Бауыржан қола жүлдені жеңіп алды. Шәмей Ерғали пара дзюдодан ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арыстанбеков Бауыржан спорт шеберіне үміткер, екі спортшы да Азия мен ҚР Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары.


Поделиться в соц. сетях: