Жарыс елордалық Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті, онда әлемнің 22 елінен келген 200-ден астам спортшы чемпиондық атақ үшін сынға түсті.
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Қазақстан құрамасының қоржынына медальдардың толық жиынтығын салды.
Жарыстың алғашқы күні 48 кг салмақ дәрежесінде Ақмарал Науатбек алтын медальға ие болды. Ерлер арасында 73 кг салмақ дәрежесінде Ерғали Шамей турнирдің күміс жүлдегері атанса, Арыстанбеков Бауыржан қола жүлдеге ие болды, ол 90 келілік салмақ дәрежесінде сынға түседі.
"Турнир жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Әлемнің түрлі елдерінен ең мықты спортшылар келді, бізге өз шеберлігімізді көрсетіп, медальдардың толық жиынтығын жеңіп алуға мүмкіндік туды. Мен өз спортшыларымды мақтан тұтамын, алда тағы да мықтап жаттығатын боламыз", – деп өз ойымен бөлісті елордалық жаттықтырушы Оразов Дәурен Оразұлы.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасында 6 медаль бар – 1 алтын, 2 күміс және 3 қола.