Елордалық пара жүзуші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Елордалық пара жүзуші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

12-18 маусым аралығында Португалияда пара жүзуден Әлем Чемпионаты өтуде, жарысқа 60 елден 509 атлет қатысуда. Еліміздің намысын төрт қазақстандық суға жүзуші қорғайды. Олардың арасында елордалық БЖСМ, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің спортшысы Далиев Сиязбек қорғайды.

Елордалық пара жүзуші 50 м қашықтықты баттерфляй әдісімен жүзіп 36,32 секундта жүзіп өтіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Далиев Сиязбек ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзу бойынша 2021 жылғы Ашық Еуропа Чемпионатының Чемпионы, Республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Токиодағы Паралимпиада ойындарының қатысушысы, ол жарыста Сиязбек бесінші орынды иеленген болатын.


Поделиться в соц. сетях: