Елордалық шахматшылар есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін шахматтан Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайды

Елордалық шахматшылар есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін шахматтан Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайды

Қазақстан Республикасының біріншілігінде елордалық шахматшылар жалпыкомандалық 3 орынды жеңіп алды. Семейде есту қабілеті төмен спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты аяқталды. Қатысушылардың жалпы саны қырықтан асты

Елордалық спорт мектебінің спортшылары республика біріншілігінде 5 медаль жеңіп алды:

  • Мухамчанова Жанна – 3 орын
  • Иржанова Анар – 3 орын

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар ҚР СШК нормативтерін орындады.

Елордалық құраманың көшбасшысы Мұратова Әлия жарыста көптеген медальдар жеңіп алды: "классикада" 1 орын, "блицте" 2 орын және жалпыкомандалық есепте 3 орын. Ерлер арасында Айтжанов Қуандық чемпионаттың қола жүлдегері атанды, сондай-ақ, спортшы есту қабілеті нашар спортшылар арасында ҚР шахмат федерациясы құрылтайшыларының тізіміне енгізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша Бегахмет Серік, Қожахметов Сұлтан және Мұратова Әлия Ташкентте өтуі тиіс шахматтан Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды.


Поделиться в соц. сетях: