25 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Румыния астанасы Бухарест қаласында армрестлинг пен пара-армрестлингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа денсаулығы мықты, он екі мүшесі сау спортшылар да, мүгедек спортшылар да қатысады. Әлемнің 44 елінен жалпы саны 1500-ден астам спортшы қатысуда.
Елордалық мүгедек спортшыларға арналған мектептің спортшысы Қамзаев Ержан әлем біріншілігінде екі күміс медаль жеңіп алды. Ол 100 кг категориясында және сол қолмен күресте өнер көрсетті, сондай-ақ оң қолымен күресте Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атағын жеңіп алды.
"Біздің спортшымыз әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып отыр, біз үшін бұл тамаша нәтиже. Елордада пара армрестлинг секциясы биыл ғана ашылды. Ержан бір жылдан аз уақыт жаттықты. Оның қасында, мысалы, чемпион атанған Ресейден келген спортшы 7 жылдан бері жаттығып келеді. Алда үлкен іс-шаралар, жаттығулар бар, мен Ержанның бәсекелестік болған кезде жігерлене түскенін көрдім, үздік болуға деген құлшыныс бар", – деп ойымен бөлісті спортшының жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ахмедов Заир Дәлімбекұлы.