Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Сиязбек Далиев пара жүзуден Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды. 16-22 мамыр аралығында Португалияның Мадейра қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеге 47 елден 380 спортшы қатысуда.
- Сиязбек баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, бірінші орын иегері атанды.
- Екінші орынды Украина спортшысы Ярослав
- Семененко (35,96) иеленсе, ал үздік үштікті ресейлік Игорь Плотников (37,33) қорытындылады.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ұлыбританияда өткен Әлем кубогінде спортшымыз дәл осы қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.