Серебряную медаль завоевала столичная спортсменка на Кубке Мира в Италии.

Елордалық спортшы Италиядағы Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Италияның Генуя қаласында пара биден әлем кубогі өтті. Ел намысын 4 спортшы қорғады, оның ішінде астаналық спортшы Муктарова Малика да бар. Әлем кубогі 2022 жылы Кореяда өтетін Әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып табылады. Жарысқа әлемнің 12 елінен үш жүзден астам пара биші қатысты.

Елордалық спорт мектебінің спортшысы Мұқтарова Малика Әлем кубогында күміс медальға ие болып, Әлем чемпионатына лицензия жеңіп алды. "Қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізе алмаймын. Бірақ, шынымды айтсам, мен өзімнің көрсеткен өнеріме 100 пайыз қанағаттанбаймын. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс, сондықтан бәрі әлі алда! Кейде жарыстарда күтпеген жағдайлар орын алады, мысалы: өнер көрсетер алдында көйлектің белбеуі үзіліп қалды, аяқ астынан, сахнаға шығар алдында тіктік. Арба сынып қала жаздады. Бірақ, біздің құрамаға ештеңе кедергі бола алмайды!

Мен ырымдарға сенбеймін, менің өмірлік ұраным: "егер мен болмасам, басқа кім?", бұл "алға қойған мақсатына жету маған болмаса, кімге қажет" деген тәрізді. Пара би мен үшін үлкен шынығу, бірінші кезекте команданың төзімділігі және бірлігі сыналады. Мұның барлығы тек алға ұмтылуға үлкен жігер береді", – деді Мұқтарова Малика. Айта кетейік, бас төрешілердің бірі ретінде ҚР еңбек сіңірген би жаттықтырушысы, елордалық мектептің пара би жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің шешімімен және жеке комиссияның шешімімен өтті.


Поделиться в соц. сетях: