Нұрсұлтан қаласының құрамасы пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.
Елордада пара пауэрлифтингтен командалық Қазақстан Республикасының Чемпионаты және пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс 7-9 қазан аралығында өтті, оған Қазақстанның 9 өңірінен 65 спортшы қатысты.
Елордалық спортшылар 13 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 4 қола. Нәтижелері:
- Мұқашев Раим -1 орын
- Әбілханов Данияр - 1 орын
- Арыстанбеков Бауыржан - 1 орын
- Жұмағұлов Нұрзат - 2 орын
- Байлин Қанат - 2 орын
- Шібішев Сүйіндик - 2 орын
- Бекентаев Ерболат - 2 орын
- Қажмұханов Дінмұхамет - 3 орын, жасөспірімдер арасында 2 орын
- Исмат Ерсұлтан - 3 орын , жасөспірімдер арасында 1 орын
- Рахымжан Ғани - 3 орын
- Консулов Қорған - 3 орын
Спортшыларымызды және мектебіміздің жаттықтырушысы Роман Ковалевті тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!!!