Елордалық спортшылар парапауэрлифтингтен өткен республикалық біріншілікте күміс және екі қола медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар парапауэрлифтингтен өткен республикалық біріншілікте күміс және екі қола медаль жеңіп алды

9-12 наурыз аралығында елордалық паралимпиадалық жаттығу орталығында ересектер мен жастар арасында парапауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа республиканың барлық өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне қарасты "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары елорданың намысын қорғап, үш медаль жеңіп алды.

Жастар арасында 54 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алған жаңа спортшымыз Дінмұхамет Қажмұханов бізді қуанышқа кенелтті. Қола медаль біздің чемпионымыз Исмат Ерсұлтанның еншісінде, бұл спортшымыз жазда елордамызда өткен пауэрлифтингтен Әлем чемпионатына қатысып, жетінші орынға ие болған еді. Үлкендер арасындағы жалғыз қола медальді Ақтөбе қаласында өткен Паралимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Байлин Қанат иеленді.

Үлкендер арасындағы жалғыз қола медаль Ақтөбе қаласында өткен Паралимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Байлин Қанат иеленді.

Биылғы жылы жаңадан келген спортшылардың көптігі көңіл қуантады, бұл спорттың осы түрінің танымалдығының артқанын көрсетеді. Бірақ, біздің спортшыларымызға оңай болған жоқ, себебі қарсыластар арасында алдыңғы өткен чемпионаттар мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері болды.

Республикалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Токио-2020 жазғы Паралимпиадалық ойындарына лицензия сарапқа салынатын Әлем Кубогына қатысуға мүмкіндік алады.

12 marta 2

12 marta 3

 


Поделиться в соц. сетях: