Елордалық суға жүзушілер Польшада өткен Халықаралық турнирдің Чемпионы атанды

Елордалық суға жүзушілер Польшада өткен Халықаралық турнирдің Чемпионы атанды

27-28 қараша күндері Познань қаласында (Польша) есту қабілеті нашар жасөспірімдер арасында суға жүзуден Халықаралық турнир өтті.

Елордалық спортшылар турнирде 7 медаль жеңіп алды:
Талғатов Әлішер -
1 алтын (100 м комплексті жүзу)
1 күміс (100 м баттерфляй)
1 алтын (50 м баттерфляй)
1 алтын (200 м комплексті жүзу)

Ғазизова Танзиля -
1 алтын (100 м брасс)
1 күміс (шалқалап жүзу 100 м)
1 қола (200 м комплексті жүзу)

"Мен осы жарыстарда биіктен көріне алғаныма өте қуаныштымын. Өте көп дайындалдым және жаттығудан ешқашан қалған емеспін. Арманым – алдағы болатын Сурдолимпиадалық ойындарға қатысу. Маған жүзу өте ұнайды, спорттың арқасында денсаулығымды нығайтамын, сонымен қатар көптеген жаңа достарым пайда болды" – деді Халықаралық турнирдің Чемпионы Талғатов Әлішер.

Спортшыларды елордалық "Мүгедек спортшыларға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің" жаттықтырушылары Жасанов Нұрлан Рамазанұлы мен Жұмабаев Бақытжан Қалжанұлы жаттықтырады. Жарысқа әлемнің 5 елінен: Чехия, Украина, Белоруссия, Қазақстан және Польшадан сексеннен астам спортшы қатысты. Біздің жас Чемпиондарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!!!

29.11.21 2

29.11.21 3


Поделиться в соц. сетях: