Нұр-сұлтанда үстел теннисінен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды. Жарыс 13-15 мамыр аралығында өтті. Еліміздің барлық аймағынан 40-тан астам спортшы қатысып, чемпион атағы үшін сайысқа түсті.
Қазақстан Республикасының чемпионаты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Паралимпиадалық жаттығу орталығында өтті.
Елордалық мектебіміздің спортшылары 5 медаль:
- Жақыпбек Райымбек – жеке разрядта алтын, жұптық разрядта алтын және аралас разрядта қола медаль.
- Фарса Али – жеке разрядта күміс медаль
- Бауыржан Еламан – жеке разрядта қола медаль жеңіп алды.
Енді спортшыларымыз қыркүйек айында өтетін спартакиадаға дайындықты бастайды.