Тобыл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен Қостанай облысының Ашық Кубогы аяқталды.
Жарысқа сексеннен астам спортшы қатысты. Елордалық мүгедек спортшыларға арналған мектептің спортшылары 5 алтын медаль жеңіп алды: Айдарханова Сәуле (3 алтын медаль), Ержанқызы Алтынай (2 алтын медаль). Үстел теннисінен ашық Кубок паралимпиадалық спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен айналысуға шақыру мақсатында өтті.